Облыс әкімінің телеграм-арнасында ақтаулық тұрғын Толқын 1 және Толқын 2 ш/а арасындағы автомобиль жолына жасалып жатқан жөндеу жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Желі қолданушысы жауаптылардан сапасы сын көтермейтін жұмысты және орындаушы мекемені тексеруді сұрайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Толқын 1 мен Толқын 2 арасындағы жолдарды жөндеу жұмыстары басталған екен. Өкінішке қарай, жол салушы мекеме жұмысын дұрыс орындамай жатыр. Асфальт жолдың бұзылған жерлерін қалай болса – солай ойып тастаған. Шұңқырларды тазаламаған. Жұмыс материалдары да күмәнді көрінеді. Осылай жасалған жол бір жаңбырдан кейін шашылып қалады ғой. Құрметті әкімдік өкілдері, шығып, тексеруіңізді және қадағалауыңызды өтінемін,- делінген тұрғынның хабарламасында.
Бұл шағымға Ақтау қаласы әкімдігінің мамандары жауап берді. «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ өкілдердері айтылған сын негізінде жақын арада тексеріс жүргізетінін айтты.